ТОНЗИЛЛИТ – бұл таңдай
бадамша бездерінің жедел немесе созылмалы қабынуы – жұтқыншақтың бүйір бетінде бадам
жаңғағы тәрізді өспелер. Көмекей бездері ерекше саңылаулармен–лакуналармен тесіледі.
Лакуналар – бұл микробтар мен вирустарға арналған тұзақтар, сондай-ақ иммундық жүйе осы
микробтар мен вирустармен күресуді үйренетін өзіндік «полигон». Дәл осы көмекей бездері
сыртқы ортадағы ауру тудыратын микроағзаларды бірінші болып қарсы алатын және ағзамызды
қорғайтын бездер.
ЖЕДЕЛ ТОНЗИЛЛИТ
немесе БАСПА АУРУЫ – бұл көмекей бездерінің бастапқы зақымдануы бар жедел инфекциялық
ауру. Сонымен бірге, көмекей бездерінің өздері де, бүкіл ағза да зардап шегеді. Жедел
тонзиллитке вирустар себеп болады, бірақ бактериялар әсіресе қауіпті: стрептококктар
немесе стафилококктар. Ол өзін қатты ауырсынумен, қабынумен және көмекей бездерінің
көлемінің ұлғаюымен, жоғары дене қызуымен көрсетеді. Іріңді өңез пайда болуы мүмкін.
Баспа ауруымен ауырғаннан кейін иммунитет төмендейді және ағзаға инфекцияларға қарсы
тұру қиындай түседі.
Егер бір жыл ішінде адамда жедел тонзиллиттің екі немесе
одан көп қайталануы болса, онда біз қайталанатын тонзиллит туралы айтамыз (латынның
Recurrens сөзінен – «оралу, қайталау»). Сонымен, ҚАЙТАЛАНАТЫН ТОНЗИЛЛИТ – бұл
СОЗЫЛМАЛЫ ТОНЗИЛЛИТТІҢ асқынуы, басқа ештеңе емес. Созылмалы тонзиллиттің болуы көмекей
бездерінің қорғаныш қызметтерін жеңе алмайтындығын және жергілікті және жалпы
иммунитеттің жұмысын қамтамасыз ете алмайтындығын білдіреді..
ЖИІЛЕГЕН БАСПА АУРУЫ ауыр асқынулардың дамуына әкелуі мүмкін:
- паратонзиллярлық іріңдік
- жедел ревматикалық қызба
- бүйректің зақымдануы (гломерулонефрит)
- буындардың қабынуы (артрит)
- жиі суық тию
Сондықтан ауру қоздырғыштарынан құтылып қана қоймай, көмекей бездерінің жұмысын
қалпына келтіру де өте маңызды.Қайталанатын тонзиллитті емдеу үшін инфекцияны жоюға (антибиотиктер,
антисептиктер), сондай-ақ ағзаның қорғаныс қызметін қалпына келтіруге
(иммуномодуляторлар, дәрумендер, табиғи кешенді препараттар) бағытталған түрлі дәрілер
топтары кеңінен қолданылады.
Тонзилотрен табиғи кешенді препараты (DHU,
Германия) 80 жылдан астам уақыттан бері тонзиллит пен қайталанатын тонзиллитті емдеуде
қолданылады. ТОНЗИЛОТРЕН – бұл қабынуды жеңілдететін және қабынудың әртүрлі кезеңдерінде
жұтқыншақтың вирустық және бактериялық инфекцияларынан ағзаның қорғаныс механизмдерін
ынталандыратын және көмекей бездерінің үлкеюінен көмектесетін бес белсенді табиғи
компоненттердің жиынтығы.
Тонзилотрен, бұл көмекей бездеріне әсер ете отырып
қабынуды жеңілдетеді және олардың қорғаныш қызметін қалпына келтіреді, бұл баспа
ауруының қайталану қаупін және антибиотиктерге қажеттілікті азайтуға көмектеседі1.
Бұл
препаратты баспа ауруын емдеу үшін де, алдын-алу үшін де қолдануға болады.
Ол 2 жастан асқан балалар мен ересектерге қолданылады. Жиі баспа ауруына
бейімділігі бар, жылына бірнеше рет Тонзилотрен препаратын қолдану арқылы көмекей
бездерін сақтап қалуға мүмкіндік бар – көмекей бездері, бұл адамның маңызды иммундық
жүйесі. Емдеу курсы: 6-8 апта ішінде күніне 3 рет 1 таблеткадан.
Тонзилотрен – бұл қауіпсіз емдеу және баспа ауруын алдын-алу. Сіздің көмекей
бездеріңіз ешқашан созылмалы тонзиллиттің не екенін білмесін.
-
Jürgen Palma et all. «Effectiveness of an add-on treatment with the
homeopathic medication SilAtro-5-90 in recurrent tonsillitis: An
international, pragmatic, randomized, controlled clinical trial» //
Complementary Therapies in Clinical Practice Volume 28, August 2017, Pages
181-191.